Түркістан облысында 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 69 мың 682 адам қамтылып, жылдық жоспар 10,1 пайызға артты. Сондай-ақ, өткен жылы өңірде нақты 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.
«Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылғаннан бастап ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының 5 904 маманына 754,7 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және 1 944 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 5 млрд. 144 млн. теңге көлемінде бюджеттік кредит бағытталған», – деді Арман Сәбитұлы. Жалпы, жоба аясында 2018 жылы әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласының 913 маманына 153,7 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы ұсынылған. Сондай-ақ, 312 маманға 1млрд. 129 млн. теңге бюджеттік кредит ұсыну жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 млрд. 128,8 млн. теңге сомасында бюджеттік кредит бағытталып, 316 маман баспаналы болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы