Түркістан облысында 24 658 түлек мектеппен онлайн режимде қоштасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында еліміздегі карантинге байланысты биыл алғашқы рет соңғы қоңырау онлайн режимде өтті. Ұстаздар мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайынғы үрдіс келесі оқу жылдара қалдырылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы – мектеп бітірушілер саны ең көп аймақ. Биыл бұл өңірдегі мектеп бітіруші түлектердің саны - 24 658 оқушы. Оның ішінде 1541 түлек "Алтын белгіге", 1240 түлек "Үздік аттестатқа" үміткер.Биылғы оқу жылында білім саласындағы жетістіктер жетерлік. 24 ұстаз ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен және 24 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 3 мұғалім «Жылдың үздік педагогі» номинациясы бойынша марапатталып, оларға 1 млн теңге сыйақы тарту етілді, - деп жазылған мәліметте.
Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша түркістандық мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Былтыр ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды жинаған да Түркістан облысының түлегі болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қалаларда карантин сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады – Президент
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы