Түркістан облысында вирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 10 сәуір күні COVID-19 инфекциясын жұқтырған кісі  Арыс қаласынан тіркелді. Ол бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. 

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Нуқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық тексеру, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

10.04.2020 жағдай бойынша Түркістан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 35 адам анықталды:

Жетісайда – 14, 
Ордабасыда – 2, 
Сайрамда – 2, 
Мақтааралда – 4, 
Сарыағашта – 1, 
Кентауда – 5, 
Арыста – 7 адам.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы