Түркістан облысынан 206 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Түркістан облысынан еліміздің солтүстік өңірлеріне 206 отбасы қоныс аударды. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
Негізінен олар Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына көшіп барған. Жартысынан көбі еңбекке жарамды тұрғындар. 204 адам жұмысқа орналасса, сегізі өз ісін ашқан. Кәсіппен айналысуды жөн көргендер жеңілдетілген шарттармен жер учаскесін және бос тұрған ғимарат алуға мүмкіндік алады.
Жақында Түркістан облысындағы Жетісай ауданында аймақаралық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда екі қолға бір күрек таппай жүргендерге Қазақстанның солтүстік өңірлерінен 4 мыңдай жұмыс орны ұсынылды. Әсіресе білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы мамандарға сұраныс жоғары болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#TAZAALMATY экологиялық акциясы Көкжайлау шатқалында бастау алды
Өзгелердің жаңалығы