Түркістан облысына өткен жылы 442 млрд теңге инвестиция тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 442 млрд теңгені құрап, мақсатты индикатор 115 пайызға орындалды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 39 пайызға жоғары.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңірдегі инвестициялардың өсу қарқыны бойынша Республика деңгейінде 14-орыннан 2-орынға көтерілген.


2019 жылы өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестициялар көлемі 20,8 млрд. теңгені құрады. 

Облысымызда алғаш рет 2019-2024 жылдарға арналған Түркістан облысының инвестициялық жобаларының тізбесі қалыптастырылды. Оған жалпы сомасы 3,4 трлн. теңгеге 374 жоба енгізілген. Соның ішінде 50 жоба сәтті жүзеге асырылды. Ал биыл, 410 млрд. теңгеге жуық 100-ден аса инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ал, 2019 жылдың 11 айында Түркістан облысының экспорт көлемі 632,1 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде шикізаттық емес экспорты 304 млн. АҚШ долларын немесе экспорттың жалпы көлемінің 48 пайызына тең. Жалпы еліміздегі шикізаттық емес экспорт үлесі 27 пайыз, - делінген хабарламада. 


Айта кетейік, жалпы өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында туризмның дамуына ықпал ететін "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы құрылған. Сондай-ақ, өткен жылы "TURKISTAN" индустриалдық аймағы құрылды. Одан бөлек, "Түркістан" индустриалды аймағының аумағында инвесторлар және жұмысшыларға арналған заманауи стандарттарға сай эко қалашық құрылатын болады.


Жалпы Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында 41,5 млрд теңгені құрайтын 58 жоба орналасқан, оның 25,1 млрд теңгені құрайтын 30 жобасы іске асырылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 734 млн.тг көлемінде мемлекеттік бюджетке салық түсті. 2020 жылы 3 млрд теңгені құрайтын 7 жобаның іске асырылуы күтүліде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы