Түркістан облысы өнімдерінің керуені астанаға аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Конституция күніне орай, ағымдағы жылдың 31 тамыз және 1 қыркүйек аралығында елордада тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған байланысты бүгін түркістандық өнімдердің керуені жолға шықты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жәрмеңкеде 40-қа жуық тауар өндіруші 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін халыққа ұсынады.Атап айтқанда, ет және ет өнімдерінен – 52 тонна, көкөніс – 86 тонна, картоп – 11 тонна, сүт өнімдері – 23 тонна, бақша дақылдары – 48 тонна, жеміс-жидек – 21 тонна, балық – 5 тонна, әсел - 4 тонна және 25 тонна өзге де ауыл шаруашылығының өнімдері бар. Олардың жалпы құны 123 млн 545 мың теңгені құрайды.
Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылымға түсетін болады. Сондай ақ, «Қазақстанда жасалған» жобасы аясында Жетісай ауданынан «Улугбек» ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы «Ленгер Текстиль» ЖШС-і арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы «Алтын адам» ЖШС ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы