Түркістан облысы аумағында блок-посттар қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының карантин аумағына енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылатын болады.
Онда келушілер арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана облыс аумағына енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған.
Өңірде дезинфекцияланған 137 мыңнан астам шаршы метр аумақ – мектепте дейінгі білім беру нысандарында жүрсе, 14 мың шаршы метр – қоғамдық тамақтанатын жерлер. 16 743 шаршы метр аумақ – тамақ өнеркәсіптеріне, 18 908 шаршы метр – сауда орындарына тиесілі. Барлық залалсыздандыру жұмыстары мекемелер мен дезинфекциялық орталық келісімдерімен жүруде, - деді Нұрбек Садықбекұлы.
Департамент мамандары барлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызмет көрсету кешендері сақтық шарасын күшейтті
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы