Түркістан облыстық сотының судьясы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Әшірбек Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған.
2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласы Әшірбек Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады, - делінген хабарламада.
Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу).
ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлімі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікке ілінді
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы