Түркістан: Дәрі-дәрмек бағасын шектік сомадан асырған дәріханаларға шара қолданылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда дәріханалардағы дәрі-дәрмектің саны жеткілікті болуы әрі бағасының шектік сомадан аспауы бақылауда. Қазіргі таңда аймақта 924 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Талаптарды сақтамаған дәріханаларға шаралар қолданылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Дәулет Тағыбаев мәлімдеуінше, дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы қордан қосымша препараттар алынған. Дәріханалардағы дәрі-дәрмектің саны жеткілікті болуы әрі бағасының шектік сомадан аспауы бақылауда екендігін айтты.Дәрілік заттарды тағайындау емханаларда және кәсіби мамандардың нұсқамасы негізінде жүргізіледі. Антибиотик дәрілік заттары бөлшек саудада рецептсіз босатылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 426-бабының 1 тармағына сәйкес, әкімшілік шара қолданылады. Қызмет көрсетуші тұлғаға 70 АЕК, лауазымды тұлғаға 100 АЕК ретінде, кіші кәсіпке 130 АЕК, орта кәсіпке 200 АЕК, ірі кәсіпке 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы аталған жайт 1 жыл ішінде қайталанса, фармацевтикалық қызметпен айналысатын кәсіпкерлер 6 айға дейін фармацевтикалық қызметке лицензиясы тоқтатылады, - деді Дәулет Тағыбаев.
Сонымен қатар, дәрі-дәрмек бағасын шектік бағадан асырған дәріханана иесіне де шара қолданылады. Шектік бағаны кез келген азамат андроид желісінде "dariKZ" мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бөлшек саудада сатылатын немесе босатылатын дәрілік заттардың шекті бағасын бақылауға мүмкіндігі бар. Егер де баға шектік сомадан асып кетсе, түбіртегін алып, заң аясында арыздануға болады.
Облыс орталығында пневмония сырқатының көбеюіне байланысты қала әкімдігі тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылып, департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің мамандарымен бірлесіп, бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектердің бағаларына мониторинг жүргізіледі. Мониторингтік топ бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларда босатылатын дәрілік заттардың бағаларын негізсіз көтеру дерегін анықтаған жағдайда, қорытынды ұсына алады. Ұсынылған қорытындыға сәйкес, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады, - деді департамент басшысының орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында осы аптада 23 өрт тіркелді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы