Түркістан: Ауыл шаруашылығында озық технологиялар енгізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданында болды. Онда бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Ең алдымен аймақ басшысы Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінде орналасқан «Келес пласт» ЖШС-нің жылыжайға қажетті полиэтилен өнімдер шығару цехына барды. Бүгінде  аталған жылыжайда 20 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын 2018 жылы іске қосылып, жылыжайға арналған пленка, қысқыш (зажим), прес жіп шығарумен айналысады. Жалпы,  жобаның құны – 150,0 млн. теңге.

Сондай-ақ өңір басшысы Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекені, «Өктемхан» шаруа қожалығында да болды. Жылына 120 тонна көкөніс өнімін беретін жылыжай 0,65 га аумақта орналасқан.  Жалпы 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 22 млн. теңге.  Сондай-ақ өңір басшысы Жүзімдік және Бірлесу ауылдық округтеріндегі 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету барысымен танысты. Одан кейін Бірлесу ауылдық округі, Қазақстан елді мекеніндегі шаруашылыққа барды. Мұнда жылына 3 рет көкөніс өндіру жобасы қарастырылып жатыр. Дәлірек айтсақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми қызметкері Б.Қалымбетовтың ҚР Білім және ғылым министрлігінің 147 млн. теңге грантын жеңіп алған озық технологиясы ендірілуде.

Аудандағы бірқатар нысанның жай-күйімен танысқан облыс әкімі өнім өндіруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы екенін айтып, бірқатар тапсырма жүктеді.

Одан бөлек, облыс басшысы Бірлік ауылдық округі аумағындағы «ТМ-Строй – 21»  ЖШС-нің пресс жіп иіру және қыш зауыттарына барды. Келес ауданына жасаған іссапары барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бірлік ауылдық округінің аумағында салынып жатқан «Қызыләскер» қосалқы электр стансасының құрылысымен танысып, Жүзімдік ауылдық округі, Жүзімдік елді мекені, Келес өзеніндегі «Оймауыт» су бөгетін аралап көрді. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы