Түркістанға БАӘ-ден гуманитарлық көмек келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанға Біріккен Араб Әмірліктерінен көмек келді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы гуманитарлық көмекті қабылдап алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандарының бақылауымен әрбір зат қатаң тексерістен өтті.

25 жасанды тыныс аппараты мен 35 мыңға жуық қорғаныс маркалары және 700-ге тарта емдік шөп-шай бірден аудандық ауруханаларына үлестірілуде.

Арнайы жасалған тізім бойынша тіркелген науқастар саны мен медициналық заттардың қажеттілігіне қарай медициналық мекемелерге тиесілі болмақ.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы "сатуға тыйым салынады" деген мөрді басты. Осы мөр арқылы заңсыздыққа жол бермеуді көздеп отыр.

Айта кетейік, бүгінге дейін өңірге 10-ға жуық елден гуманитарлық көмек келген. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркия, Қытай мемлекеттері бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы