Түркістанға 1,5 млн жуық құты дәрі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Олардың арасында аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі -1 млн 420 мың құты, дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары - 100 мың дана, аспарин - 30 мың құты.Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.
Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылатын болады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Туркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн қаражат бөлініп отыр, - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей COVID-19 сынақ вакцинасын сынау барысымен бөлісті
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы