Түркі тілдес мемлекеттер жастары арасында әзіл фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. “Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігі түркі тілдес елдердің жастары арасында халықаралық әзіл фестивалін ұйымдастырды. 

Жыл сайын жобаға қатысатын елдер саны  артып келеді. 

Үш күнге созылған халықаралық "Жайдарман" фестивалі арнайы бағдарламалық жоспарға сай өтті. Фестивалдің алғашқы күні ашылу салтанаты өтті. "Жастар" сарайында белгілі жайдарманшылардың жүргізуімен концерттік бағдарлама қойылды. Сондай-ақ, фестивалдің екінші күні шетелдік қатысушылар үшін Нұр-Сұлтан қаласына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Қала ішінде орналасқан зәулім ғимараттар мен мұражайларды,  «Бәйтерек» пен «ЭКСПО» кешендерін және театрларды аралатты. Шара барысында қонақтарға қазақ елінің тарихы баяндалып, салт-дәстүрлері жайлы мәліметтер айтылды. 


Фестивалдің үшінші күні қатысушы түркі тілдес мемлекеттерден келген командалар мен қазақстандық топтар арасында "Жайдарман" сайысы ұйымдастырылды.



"Бейбітшілік және келісім" сарайында өткен додаға барлығы 10 команда қатысты. Оның 6 - шетелдік, 4 - қазақстандық топ. Олар: 
1.    «Қазақстан халқы ассамблеясының құрамасы», Нұр-Сұлтан қаласы
2.     «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы» 
3.    «Біз қазақпыз», Екібастұз қаласы
4.     «Қарақалпақстан құрамасы», Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы
5.    «Башқұртстан құрамасы», Ресей, Уфа қаласы
6.     «Ноғай құрамасы - Алтын орда», Ресей, Ноғай ауданы
7.    Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті «Бүгін.kz», Шымкент қаласы
8.    «Татарстан құрамасы», Ресей, Қазан қаласы
9.     «Миллион»  - «Нұр-Үміт» өнер орталығы, Шымкент қаласы
10.     «Позитифф», Қырғызстан Республикасы Бішкек.
Өнер көрсеткен командаларға қазылар тиісті ұпай сандарын үлестіріп, жеңімпаздарды анықтады. Сайыс нәтижесі: 
150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған III орын иегерлері: 
-    «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»
-    «Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы
-    «Башқұртстан құрамасы», Ресей, Уфа қаласы
300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған II орын иегерлері:
-    «Позитифф», Қырғызстан Республикасы, Бішкек
-    «Бүгін.kz», Шымкент қаласы
1 миллион мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған I орын иегерлері: 
-    «Ноғай құрамасы - Алтын орда», Ресей, Ноғай ауданы
«Үздік ойыншы» аталымына «Татарстан құрамасының» ойыншысы – Наиль  Салаxов лайық деп танылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы