Түрік шекарашылары заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік жағалау қызметі Грекия аумағына заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады, деп хабарлайды 24.kz.
Осылайша, 10 тамыздан бері жағалауда құрықталған заңсыз босқындардың саны 700-ден асты.Чанаккале провинциясы жағалауынан гректің Лесбос аралына бет алған мигранттар дені Ауғанстан, Сирия, Палестина, Иран мен Ирак азаматтары.
Жалпы Еуроодақ елдеріне 2015 жылы 1 миллионнан астам босқын заңсыз жолдармен кірсе, бұл көрсеткіш 2016 жылы Түркия- Еуроодақ келісімінен кейін айтарлықтай төмендеген. Ал БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, 2019 жылы 50 мыңнан астам мигрант Еуропаға өтіпті. Бұл соңғы 5 жылдың ең төменгі көрсеткіші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы