Түрік инвесторлары Қазақстанда жаңа зауыт салады

Астана, Baq.kz. Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр энергиясын шығару бойынша қуаты 10 мВт құрайтын зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 

Turkistan Invest ақпаратына сәйкес, 1 мВт-қа инвестициялар көлемі 2,5 млн долларды құрайды. Өндіріс 8 гектар жер көлемінде «Мақтарал» индустриалдық аймағында пайда болады. 
Сонымен қатар, электр станциясының қуаты 2020 жылдан бастап 35 мВт дейін артады. 
«Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылдың наурыз-сәуір айларына доспарланып отырған жылсайынғы биоэнергетика бойынща тарфике арналған конкурстан кейін басталады», - деді компанияда. 
Biotrend атты түрік компаниясы аталған жобаның инвесторы болып табылады. Аталған компания 2012 жылы құрылған және Түркиядағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші кәсіпорын болып табылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы