Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысындағы қозғалыс 1 айға жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магистральды нөсер кәрізі коллекторының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

27 көшеде (Ұлы Дала) Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде магистральды нөсер кәрізі коллекторын орнату жұмыстары жүргізілетін болады. 

Жұмыстар нөсер кәрізі жүйесінің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету, негізгі көшелерді су басуды болдырмау мақсатында жүргізіледі. Осыған байланысты 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін Тұран және Ұлы дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланып отыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп атап өтті көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы