Тұрғын үйді тапсыру бойынша Түркістан көш бастап тұр – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр құрылыс пен тұрғын үй тапсыру бойынша қай өңірлер алда келе жатқанын мәлімдеді.

«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылғы қантар-шілде айларында 111,5%-ды құрады. Оның ішінде 8 өңірде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстары көш басында тұр. Ал 3 өңірде көрсеткіштің төмендегені байқалып отыр. Олар: Маңғыстау облысы (-30,4%), Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалалары», - дейді Роман Скляр.

Оның айтуынша, 7 айдың ішінде  6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Әсіресе, Түркістан облысы бұл жағынан белсенді.

«2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 96,3%-ды құрады. Республика бойынша барлығы 55 849 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 24 013 жеке тұрғын үй бар. Тұрғын үйді тапсыру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда еліміздің 7 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйді тапсыру бойынша көш бастағандардың қатарында Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%) және Қостанай (118,6%) облыстары бар. Тұрғын үйді тапсыру қарқыны бойынша төмен көрсеткіштер Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады. Жылдық жоспарға (105,0%) қол жеткізу үшін осы өңірлерде жұмысты жандандыру қажет», - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы