Тұрғын үй сертификатын қалай алуға болады?
Астана, BAQ.KZ. Астана әкімдігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесіп «тұрғын үй сертификаттарын» алушылардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл сертификаттарды қалай алу керектігі туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу бөлімінің бас маманы Данияр Балтин айтып берді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Ағымдағы жылы 2000 тұрғын үй сертификатын беру жоспарлануда. Үміткерлердің тұрғын үй алу үшін әлеуметтік көмек алуға өтініштерін қабылдауды Астана қаласының полиция департаменті, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы жүзеге асырады. Алушыларды іріктеуді уәкілетті органдар балдық жүйе бойынша жүргізеді.
Бірінші критерий бойынша жиынтығында ең көп балл және қосымша балл жинаған қызметкерлер әлеуметтік көмек алуға басым құқығы бар. Баллдар тең болған жағдайда шешім тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Әлеуметтік көмек алушылардың алдын ала тізімін уәкілетті органдар жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат көлемі шегінде, әкімдік белгілеген квота шегінде қалыптастырады және банкке жібереді.
Банк үміткерлердің өтініші негізінде алушылардың біліктілігі бойынша іс-шаралар жүргізеді, төлем қабілеттілігі растаған алушыларға хабарлама жіберіледі. Бекітілген тізімге енгізілген банк, әкімші және алушылар арасында Эскроу-шот шарты жасалады. Бес жұмыс күні ішінде ақшалай нысанда әлеуметтік көмек қаражатын төлеу жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмекті алушы әлеуметтік көмекті төлеу сәтінен бастап үш ай ішінде тұрғын үйді іздестіруі және банк заемын алу үшін банкке жүгінуі тиіс.
Алушының сәйкестендіру құжаттарын ұсына отырып, сондай-ақ әлеуметтік көмекті есепке алу қорытындылары бойынша банк үміткерге банктік қарыз беру туралы мәселені қарайды.