Тұрғын үй кезегінің жылжуы тек үй беруге байланысты емес – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада тұрғын үй кезегінде 47 мың отбасы бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Айша Бекенова айтты.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тізім бойынша беріледі. Қазіргі таңда кезекте 47 мыңнан астам азамат тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер бар. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінің жылжуы тек үй беруге байланысты емес. Кезектің жылжуы - кезекте тұрған азаматтардың тізімін түгендеу кезінде кезектен шығарылымына да байланысты. Осылай биылғы жылдың басынан тұрғын үй заңнамасында көзделген негіздер бойынша; меншікте тұрғын үйдің болуы; тұрғын үйдің иеліктен шығару фактілері; санаты жоқ болуына байланысты кезектен 1800 адам шығарылды, - дейді Айша Бекенова.Оның айтуынша, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы бекітілді.
Бұл бағдарлама шеңберінде тұрғын үй берудің бірқатар бағыттары көзделген. Соған сәйкес елордада биыл 8000-ға жуық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде біріншісі, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлер. Бұл бағыт бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына және көпбалалы отбасылар мен жастарға кезек ретімен беріледі. Екінші бағыт - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға "Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі" арқылы кредит беру. Осы бағыт бойынша кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар қатыса алады. Оларға "Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі" арқылы жылына 2 пайызбен 20 жылға дейін бастапқы жарнасы 10 пайызды құрайтын несие беру көзделген. Бұл ретте бастапқы жарнаның бөлігін қамтамасыз ету үшін әкімдікпен 1 миллион тұрғын үй сертификатын беру қарастырылған, - дейді бас маман.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Менің Қазақстаным" фестиваліне шетелдіктер де қатысып жатыр
Өзгелердің жаңалығы