Тұрғын үй көмегін онлайн түрде қалай рәсімдеуге болатыны белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемге жұмсалатын шығыстардың жиынтық табысынан 8% асатын отбасына берілетін «тұрғын үй көмегін тағайындау» түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, берілген мемлекеттік қызмет өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру коммерциялық емес «азаматтарға арналған Үкімет» веб-порталы «Мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы ғана емес, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында көрсетіледі.

Порталға қажетті құжаттар тізімі:

-      Өтініш - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысанына сұрау салу;

-       Отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық көшірмесі;

-       Отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

-       Тұрғын үйге құқық белгілеуші құжаттардың электрондық көшірмесі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;

-       Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған өтініш жасаған тоқсанның алдындағы айға шоттардың электрондық көшірмелері;

-       Банк шотының электрондық көшірмесі.

Портал арқылы «жеке кабинетке» жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жіберіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы