Тұрғымбаев Арыста адасқан барлық бала ата-анасына тапсырылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан кейін барлық бала табылып, олар ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Балабақшадағы барлық балалар эвакуацияланды. Туыстарында қалған балалар да көшірілді. Барлық ата-ана табылып, барлық бала ата-анасына тапсырылды. Қазіргі таңда шағымдар мен өтініштер жоқ», - деді Ішкі істер министрі Тұрғымбаев.
Еске сала кетсек, бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин төтенше жағдайдан екі адам қаза тапқанны, ал Денсаулық сақату министрі Елжан Біртанов 165 адам медициналық көмекке жүгінгенін және 15 адам жан сақтау бөлімінде екенін мәлімдеді. Ал Үкімет басшысының орынабсары Жеңіс Қасымбек 15 тұрғы үй мен 9 ғимарат өрттен зардап шеккенін, қалпына келтіру жұмыстары саперлар бөлімшесінің жұмысы аяқталғаннан кейін басталатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыста тонау және ұрлау фактісімен үш адам ұсталды – ІІМ
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы