Түнгі ауысымда жұмыс істеу артық салмаққа әкеп соқтырады – ғалымдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнгі жұмыс пен артық салмақ қосып алуға деген бейімділік арасында байланыс барын португалдық ғалымдар дәлелдеп шықты. Бұл туралы Eurekalert сайты жазды.

"Түнде жұмыс істейтін адамдар мен түрлі мемлекеттерге әртүрлі сағаттық белдеулерге жол жүретін адамдар ішек қабынуына жиі ұшырап, артық салмақ қосып алуға бейім болады", - дейді ғалымдар.

Бұндай шешімге португалиялық ғалымдар келген. 

Зерттеушілердің мәліметі бойынша, ішектің жұмысына әсер ететін ILC3 иммунды клеткалардың функциялары мидың тікелей бақылауында болады. Осыған байланысты демалыссыз жұмыс істеу не болмаса ұйқы режимінің бұзылуы денсаулыққа кері әсер етіп қана қоймай, көптеген ауруға әкеп соқтырады. 

"Егер адам уақтылы, толыққанды демалмаса ILC3 имундық клеткалар саны азаяды. Ішек тосқауылы бұзылып, адам денесінде майлар жиналады", - деді зерттеушілер. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы