Түнгі клубтарда шара өткізуге тыйым салынған – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда коронавирустың тарап кету қаупіне байланысты елімізде түнгі клубтардағы шараларға тыйым салынды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
Берілген ұсыныстарға (Коронавирустың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия ұсыныстары) сәйкес , 13 наурыздан бастап адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл ұйымдар – түнгі клубтар – осы регламентке сәйкес келеді. Сондықтан бұл мекемелерде шара өткізуге тыйым салынды. Себебі бірнеше адамның жақын контакт жасау өте қауіпті, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде.
Бұған дейін ОКҚ брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер қашықтықтан жұмыс істеуге көшкенін айтып, шет елдерде білім алып жүрген қазақстандықтардың елге қайтуына қатысты айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр қазақстандықтар жаппай елге қайтып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы