Тұмауға қарсы вакцина алушылар саны артты
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысына тұмауға қарсы тегін 60 мың доза вакцина бөлінген. Аймақта егу жұмыстарының 50 пайыздан астамы аяқталған.
Еліміз бойынша биыл екпе жұмыстары жылдағыдан ерте басталды. Тегін вакцина тұрғындардың барлығын қамти алмайды. Арнайы топтарға ғана салынады. Олар 6 жастан 18 жасқа дейінгі созылмалы ауруы бар балаларға, медицина мамандарына, 60-тан жоғары егде жастағыларға тегін. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша тұмауға қарсы тегін вакцина әр облыстағы халықтың 10 пайызын қамтуы тиіс.
Жыл сайын Атырау облысына 30 мың доза келетін. Биыл 60 мың доза бөлінді. Атырау қаласы бойынша тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталып қалды. Жылда қазан айында бастайтын едік. Биыл індетке байланысты ерте бастадық. Жалпы халықтың екпеге көзқарасы өзгерді. Белсенділік байқалады. Ата-аналар балаларын әкеліп жатыр. Бұрынғыдан әлдеқайда қызығушылық жоғары. Вакцинаның құрамын, пайдасын сұрап келетіндер де көбейді. Соған қарап біз мамандар елдің екпеге белсенді бола бастағанын байқадық. Бұл екпе жұмыстары аурудың алдын алатын шаралар. Өйткені халық вакцина салдырсақ та тұмаураттық деген шағым айтады. Екпе алғандарда аурудың жеңіл түрлері ғана байқалады. Осыны түсіну керек, - дейді №1 Атырау қалалық емханасы директорының орынбасары Айнагүл Шауымова.
Биылғы тұмауға қарсы вакциналар Ресей елінен келген Гриппол және Гриппол плюс препараттары екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы бөлінетін дозаны биыл екі еселеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұртөре Жүсіп: Ұлттық идеология дегеніміз – «Абай жолымен» жүру
Өзгелердің жаңалығы