Тұмауға қарсы екпеге бюджеттен 1,6 млрд теңге жұмсалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік бюджеттен тұмауға қарсы 1,8 миллион доза вакцина сатып алынды. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Қазан айында тұмауға қарсы вакциналауды бастадық. Өздеріңіз білесіздер, тұмау басқа аурулардың таралуын азайтуға мүмкіндік беретін ауру. Біз қазір халықты вакцинациялау міндтін ойып отырмыз. Ол үшін 1 миллион 800 мың доза вакцина сатып алдық. Үкімет бұл жұмысқа 1 млрд 600 мың теңге жұмсады. Жеке ұйымдар болса өз қаражаты есебінен 300 мың дозаны сатып алды. Осылайша 2 млн астам адамды вакцинациялауды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға вакциналау тегін болады", - деді Бекшин.Комитет төрағасы вакциналарда алдағы маусымдағы тұмау штаммдары барын айтты.
"Бүгінде вакциналар осы маусымда жасалған болжамға негізделген. Тұмаудың штаммдары үнемі өзгеріп отырады, оның ішінде А штаммы ең сезімталы саналады. Былтыр екі сұр штамм – Сингапур мен Мичиганның орнына Колорадо мен Канзас келді. Біз мұны ескреміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатталған вакциналары ғана сатып алынады", - деді Бекшин.Тұмауға қарсы ақылы егу жеке екпе орталықтарында, елдімекендерде тиісті рұқсаты бар емханалардың вакцинация кабинеттерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің мекен-жайларын жергілікті денсаулық сақтау басқармаларынан немесе тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі аймақтық департаменттерден, сондай-ақ олардың веб-сайтынан білуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы