Түлкібас ауданында алма жинау науқаны қызып тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданында жаздық алманы жинау науқаны қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шаруалар бүгінге дейін 535 тонна өнім жинап үлгерген. Ал, қыркүйек айында жаппай терім, яғни күздік алманы да жинау науқаны басталады. Жалпы биыл мамандардың пайымдауынша 30 мың тонна алма теріліп, рекордтық көрсеткіш орындалады. Былтырғы жылы ауа райының қолайсыз болуына байланысты өнім көлемі 20 мың тоннаны құраған.Ауданның 2020-2025 жылдарға арналған даму концепциясына сәйкес Түлкібастың брендіне айналған алманың өнімділігін арттыру көзделіп отыр. Осыған байланысты алма бау көлемін 760 гектарға ұлғайтып, жалпы көлемін 3355 гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта аудан әкімдігінің тікелей ұйытқы болуымен жүйелі шаралар іске асуда. Мәселен, жыл соңына дейін жоспарға сай 100 гектар жерге алма көшеттері отырғызылуы керек болса, бүгінде соның 75 гектары игеріліп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2,2 млн қазақстандық біржолғы төлем алды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы