Сыздықов суға кетудің негізгі себептерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Суға кетудің негізгі себептері:су айдынына құлау - 15 адам, оның ішінде 3 бала ересектердің қарауынсыз қалған,жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау - 9 адам (Алматы облысы – 4/0, ШҚО – 1/0, Қарағанды - 1/0, Қостанай – 1/0, , Маңғыстау-1/0, Павлодар 1/0),мас күйінде шомылу - 1 адам (Алматы облысы), - деді ол.
Сыздықов судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажетін айтты.
Бейтаныс су көздерінде, «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Ұңғыма» белгілері орнатылған жерлерде шомылмау, мас күйде шомылмау, шомылудың шекарасын айқындайтын белгілерден асып жүзбеу, шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзіп жақындамау, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеу, жүзуге арналмаған заттармен жүзбеу, қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастардан, қойтастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу керегі дұрыс, - деді ол.
Сыздықов атағандай, балаларды су қоймаларының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеу керек.