Сыйақы 20 млн теңге: Қазақстанда экология туралы реалити-шоу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде экологияны жақсарту мақсатында «EKOMEKEN» реалити-шоуы өтеді.
Бұл туралы «ӨКМ Оператор» ЖШС-нің басқарма төрағасы Медет Кұмарғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Қазақ елінде «EKOMEKEN» деп аталатын экология туралы реалити-шоуды бастағалы отырмыз. Бүгінгі күні Қазақстанда сұрыптау, кәдеге жарату, түрмыстық қалдық проблемаларын айқындау мақсатында жоба қолға алынды. Орташа сұрыптау коэффициенті 18,6%. Осы ретте Елбасының тапсырмасы, Президенттің Жолдауы аясында осының көрсеткішісін 30%-ға жеткізу жоспарланып отыр, - деді ол.
Кұмарғалиевтің айтуынша, сұрыптау мәселесі Еуропаның озық елдерінде айтарлықтай дамыған.
Жоба үш ай бойы жалғасады. Топты жарып шыққан жеңімпаздарға 20 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі, - деп атап өтті басқарма төрағасы брифингте.
Атап айтқанда, І орын – 10 млн теңге, ІІ орын – 5 млн теңге, ІІІ орын – 3 млн теңге.
Айта кетейік, аталған жаңа «EKOMEKEN» жобасы экологиялық мәдениетті, білімді ұлғайтуға арналған. Мұндай жоба Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Жобаға елдің түкпір-түкпірінен өтініштер қабылданады.
Жобаға қатысу үшін khabar.kz сайтына кіріп, 3 маусымға дейін өтініш толтыру керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
500 емен және 1000 мамыргүл. Назарбаева көшет екті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы