Сырымбек Тау қазақ тілін қолдау қорына 5 млн теңге аударды
Ұлттық құрылтайдың мүшесі Сырымбек Тау Qazaq Tili Endowment қорына 5 миллион теңге жеке үлес қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ана тілін ардақтайтын арда азаматтар, ұжданы биік ұжымдар Елімізде аз емес. Сөзіне де, ісіне адам сүйсінетін, үлгі болар азаматтық ұстанымы бар сондай азаматтың бірі - елге танымал кәсіпкерлер, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Сырымбек Тау Qazaq Tili Endowment қорына 5 миллион теңге жеке үлес қосты, - деп жазды «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.
Сырымбек Тау мырзаны көпшілік белді кәсіпкер, тіл, мәдениет пен руханиятқа жанашыр мецегат ретінде жақсы таниды. Ол YOKOHAMA, TRIANGLE сияқты ғаламдық компанияларының Қазақстандағы ресми өкілі.
Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдірген Сырымбек Тау мырзаға алғыс айтамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдайлар қызметі Астана тұрғындарына ескерту жариялады
Келесі жаңалық
Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы