3 Қыркүйек 2026, 15:10
Фото: видеодан алынған кадр
Сырым Ізбасаров көшпенділер ойындарында аударыспақтан чемпион атанды
Аударыспақтан Сырым Ізбасаров VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
Финалда отандасымыз Қырғызстан спортшысын жеңді.
Еске сала кетейік, Сырым Ізбасаров Астанада өткен Көшпенділер ойындарында да чемпион атанған еді.
Сондай-ақ, Сырым Ізбасаров Ұлттық спортты дамыту үшін жарысты көбейту керек екенін айтқан еді.