"Сырым" авткөлік өткізу пунктінде 450-500 жуық жүк көлігі жиналған

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 13 желтоқсанға қараған түннен бастап "Сырым" авткөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігінің жиналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүк көліктерінің жиналуы 2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты пайда болды – қалың қар, боран, көктайғақ.

Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша шектеулер шамамен 2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 22:00-ге дейін қолданылады.

Осыған байланысты, жүк көліктерінің жүру бағыты бойынша қозғалу мүмкіндігі жоқ және олар ауа-райының жақсаруын күтуде.

Аталған жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізілуде, яғни кемпингтерде ауа-райының жақсаруын күту немесе басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрутты түзету ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Өзгелердің жаңалығы