Сырым ауданында студенттік құрылыс жасақтары жұмысқын бастады
Қазіргі таңда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті және Көздіғара ауылдарында үйі тасқынннан зардап шеккен тұрғындар үшін 114 жаңа баспана бой көтеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрылыс жасағындағы 50 студент жаз бойы қоныстойды жақындатуға үлес қоспақ.
Ауылдағы жұмыссыз жастар үшін игілікті жобаны ұсынған – “Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.
Бүгін Жымпитыда еңбек сарбаздарын салтанатты қатарға қабылдау шарасы өтті. Шараға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Медкат Қамбетов қатысты.
“Ауыл” партиясының жаңа жобасының Сырым ауданында бастау алғанына қуаныштымыз. Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, халықтың мұң-мұқтажын іштен сезініп, Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арта түсуіне оңынан әсер етеді деп сенемін. Баспанасыз қалған азаматтар жылы ұяларымен тезірек қауышуына тілектеспіз. Халқымыздың әр азаматы қолынан келгенше осы жолда қызмет етсін! - деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.
Құрылыс жасағының қарарын командир Мейрамбек Батыргереев тапсырды. Белсенді студент Әсет Мырзағалиев қатарластарын жауапты жұмыс атқаруға шақырды.
Айта кетейік, “Ауыл” партиясының жанындағы жастар қанаты төтенше жағдай уағында халықпен бірге болды.
Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап өңірлік партия филиалының ұжымы және «Ауыл жастары» қанатының 70 - тен астам еріктілері бөгет жұмыстарын жүргізуге, апат салдарын жоюға барынша атсалысты. Партия тарапынан еріктілер құрамы жасақталып, кең көлемде гуманитарлық көмек ұйымдастырылды. Біздің жастарымыздың бастамасымен өңірімізге екі жүк көлігімен 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізіліп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға таратылды, – дейді жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек.
Жас құрылысшылар салтанатты жиыннан кейін тіке құрылыс нысандарына аттанып, жұмыс күнін бастап та кетті. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы “Ауыл” партиясының өкілдерімен бірге салтанатты кірпіш қалауға қатысты.
Сондай-ақ Серік Егізбаев өзінің әлеуметтік парақшасында да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жастар бар көмеген беретінін жазды.
Бүгін Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында Ауыл партиясының ықпалымен құрастырылған Жастар жасақтар отряды жұмысқа кірісті. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жастар бар көмеген береді. Алға Қазақстан! – деп жазды Серік Егізбаев.