Сырты бүлінген Түркістандағы Ясауи кесенесі қайта қалыпқа келе ме? - депутат жауап берді

Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі" туралы заңға қол қойды. Осы заң аясында көне шаһарды қандай өзгерістерді күтіп тұрғанын мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев жіліктеп айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдағы уақытта Түркістан қаласында баспана тұрғызуға қазынадан 10 миллиард теңге қарастырылып отыр екен. Соның арқасында пәтерге кезекте тұрған мыңдаған тұрғын қоныс тойын тойламақшы. Темір Қырықбаев шаһардың басты символы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жағдайы туралы да айтып өтті.
Бір себептермен тарихи нысан бүлінген, қазір оны қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынғалы жатыр. Рухани астана саналатын Түркістан қаласы болашақта қалай дамитыны жайлы жоспарды "Мінбер" жобасындағы сұхбаттан біле аласыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды
Келесі жаңалық
Жоғарғы Сот жеке тінтуді заңсыз деп тапты
Өзгелердің жаңалығы