17 Қазан 2022 2022, 14:29
Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай немесе кешке оқу форматында оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай немесе кешке оқу форматында оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тізімнен мына мамандықтар алынып тасталды:
Физика және математика ғылымдары;
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі;
Химиялық инженерия;
Электротехника;
Механика және металл өңдеу;
Өндірістік және өңдеу мамандықтары.
Енді осы мамандықтарды сырттай оқуға болмайды. Бұйрық 2022 жылдың 25 қазанында күшіне енеді.