СІМ жанынан Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлігінде "Сыртқы саяси зерттеулер институты" АҚ директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. 

Отырысты ашқан министр Мұхтар Тілеуберді директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі.

"Директорлар кеңесін ҚР президентінің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев басқарды. Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау болып табылады", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы