25 Тамыз 2023 2023, 15:10
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімдері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімдері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына және Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.