Сыртқы істер министрінің орынбасары Оңтүстік Корея елшісімен кездесті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Корея Республикасының елшісі Чо Тэ-Икті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында тараптар саяси, мәдени-гуманитарлық және консулдық салалардағы қазақ-корей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы ықпалдастықты талқылады. Аса жоғары және жоғары деңгейде өтетін алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесіне де ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолында тығыз диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Jastar Fest фестивалі өтеді
Өзгелердің жаңалығы