Кеше 2026, 22:04 Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыс өңіріндегі ахуал жөнінде пікір алмасты.

Бүгін, 4 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыс өңіріндегі ахуал жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ қазақ-иран ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланып, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға өзара бейілділік расталды.