Сыртқы істер министрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің отырысына қатысады
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2023 жылғы 5 мамырда Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады, - деді Смадияров.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алдағы кеңесінің негізгі мәселелерінің бірі - ШЫҰ-ның Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына шығарылатын құжаттарды дайындау.
Сондай-ақ елдердің түрлі салалардағы, оның ішінде ұйым қызметін жетілдіру мәселелеріндегі одан әрі өзара іс-қимылының перспективаларын талқылайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада балабақша өртеніп жатыр
Өзгелердің жаңалығы