Сыртқы істер министрі Иран елшісімен келіссөз өткізді

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Иран Ислам Республикасының Елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін талқылап, екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін биыл 25 қаңтарда өткен Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-отырысының қорытындыларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты атқаруға уағдаласты, - делінген СІМ баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бер екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы