6 Ақпан 2025 2025, 23:48
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрі Иордания елшісін қабылдады
Премьер‑министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Өзара сауданы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті.
Сондай-ақ дипломаттар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында сұхбаттастар биылға биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.