6 Сәуір 2021 2021, 19:02

Сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде орын алған оқиғаны мұқият бақылауда, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде болған оқиғаны мұқият бақылауда, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды.

Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуір күні Иорданияның астанасы Амманда мемлекеттік төңкерістің алдын алу бойынша операция өтті. Король отбасының мүшелері Шериф Хасан мен Заид, бұрынғы Қаржы министрі Бассам Авадалла мен бірқатар жоғары шенді офицер ұсталды.