Қарағандыда сырғанақты сыммен орап тастаған кәсіпкер жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүл бақтары басқармасы сырғанақты сыммен орап тастаған кәсіпкермен келісімшартты бұзды.
Оның айтуынша, ол мұндай әрекетке балалар нұсқаушы жоқ кезде сырғанамас үшін барған.
Құрылысшылар даңғылындағы сырғанақ кәсіпкер қаражаты есебінен орнатылған. Онымен маусымдық келісімшарт жасалған. Сым сырғанаушылардың қауіпсіздігі үшін тартылды. Себебі, нұсқаушы болмаған жағдайда немесе жұмыс уақытынан тыс кезде біреу сырғанап, жарақаттануы мүмкін. Ал келісімшарт аясында қаіпсіздік үшін сырғанақ иесі жауапты. Алайда, сыммен қоршалған бұл сырғанаққа қатысты көп өтініш келіп түсті. Соған байланысты қазіргі таңда кәсіпкермен келісімшарт бұзылды. Ал бүгіннен, яғни 5 қаңтардан бастап, сырғанақ мүлдем алынып тасталынады, - деп хабарлады басқармадағылар.
Алдағы уақытта барлық кәсіпкерге осы сияқты шаралар қолдануға тыйым салынатыны ескертілді.
Айта кетейік, Қарағандының бірнеше ірі алаңында балалар үшін ақылы сырғанақтар пайда болды. Қала тұрғындарынан келіп түскен ең көп шағым сыммен оралған сырғанаққа қатысты болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда шахматтан Қазақстан біріншілігі өтеді
Өзгелердің жаңалығы