Сырдариядағы қайғылы оқиға. Суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

Түркістан облысында Сырдария өзенінен суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 10:40-та құтқарушылар зардап шеккендердің бірінің денесін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға кеткен 11 адамның 10-ның мәйітін тауып, судан шығарды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 21 тамызда сағат 17-40-та Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 км жерде, Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адам суға батып кеткен болатын.

Сырдарияда болған қайғылы оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берген болатын.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барып, көңіл айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы