Сырдариядағы қайғылы оқиға. Қыздың денесі табылды
Түркістан облысында соңғы батқан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін сағат 14: 56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, 21 тамызда сағат 17-40-та Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 км жерде, Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адам суға батып кеткен болатын.
Сырдарияда болған қайғылы оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берген болатын.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барып, көңіл айтқан еді.
Бүгін таңертең суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл колледж студенттері үшін 13 жатақхана ашу жоспарланып отыр
Өзгелердің жаңалығы