Сырдарияда суға кеткендерді іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Бүгінгі таңда Түркістан облысында суға батқан 11 адамның ішінен 2011 жылы туған тағы бір ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іздеу жұмыстарына барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қ. ТЖД Жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 2 техника, Түркістан облысы ТЖД 67 адам, 2 дрон, 9 техника, ЖАО-дан 35 адам, 4 жүзу құралы, 3 техника, Полиция департаментінен 10 адам және 2 техника, "103" қызметінен 3 адам және 1 техника жұмылдырылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Құтқарушы сүңгуірлер су астында жүзу құралдарының көмегімен 2300 ш.м. 42 км өзен түбін зерттеді. Пилотсыз ұшу аппараттарын тарта отырып, 51 км аэровизуалды барлау жүргізілді.

Іздеу жұмыстары құйындылардың, күшті су асты ағындарының, өзен тереңдігінің күрт өзгеруінің, жағалау аймақтарындағы өсімдіктердің тығыздығымен, сондай-ақ өзен түбінде ағаш бұтақтарының жиналуымен қиындай түсті.

ТЖМ судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы