Сырдария өзеніне 14 жастағы жасөспірім батып кетті
Қызылорда қаласы тұсындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақпараттың мәліметінше, оқиға 14 мамырда Қызылорда қаласы аумағында болды. Жергілікті уақытпен 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар келіп түсті.
Хабарламада 13:00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз, - деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.
Ведомство мәліметінше, былтыр қала көлемінде 12 адам су айдынында қаза болды, оның 6-уы бала.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды.