2 Маусым 2024 2024, 02:18
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Сырдария өзенінде екі ер адам суға батып кетті
Қызылорда облысында Сырдария өзенінде екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда облысында Сырдария өзенінде екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, суға батып кеткен адамдар жабдықталмаған жерде шомылған.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды, - деп ескертті ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында күкірт қышқылы шашылғаны туралы жазған болатынбыз.