Сыр өңірінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының бірінен бастап көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Сыр өңірінен көктемде Отан алдындағы борышын өтеуге 700-ге азамат әскерге барады. Басты ерекшелік, қарым-қатынасты азайту мақсатында азаматтарды шақыру 1414 сервис қызметі пилоттық режимінде SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Әскерге шақыру 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар жіберіледі. Жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдері және Мелекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады.
Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пункті көктемгі мерзімді әскери шақыруға толық дайын. Медициналық комиссиялар тиісті білікті дәрігер мамандармен және медициналық құралдармен толық қамтылған. Алғашқы команданы 6 наурызда Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 19 азаматты жіберетін боламыз, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.
Мамандардың айтуынша, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.
Әскерге шақырылушылардан міндетті түрде әскери бөлімдерде, арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал, шақырылушыларға екпе жүргізу келген әскери бөлімде, яғни, қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады, - деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшығының орынбасары – жасақтау басқармасының басшысы Дмитрий Жерегя.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы жұмыссыздардың 17%-ы – жастар
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы