Сыр өңірінде мерекелік-патриоттық концерт өтті

Қызылорда облысында ұлттық мереке  ̶  Республика күніне арналған ауқымды шаралар әлі де жалғасуда. Бүгін облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Қыран елім - Қазақстан! " атты жалпыұлттық патриоттық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуаныш сыйлаған мерекелік шаралар легі толастаған емес. Мәні зор мерекенің мағынасын арттырған бүгінгі шара соның айғағы. Шарада сөз алған Қызылорда облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Талғат Оспанұлы қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Құрметті қала тұрғындары! Құрметті жерлестер! Баршаңызды, ең алдымен, ұлттық маңызы зор тарихи мереке  - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің болашағы жарқын болсын! Ұрпақтарымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Әрбір отбасыда тек қуаныш, амандық болсын,  - деді Т.Тілес. 

Шараға Қызылорда облысы қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары, подполковник Алмат Алмасұлы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі арнайы қатысты. 

Сонымен бірге патриоттық акция аясында "Жас сарбаз" әскери патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсімі өтіп, 15 жас сарбазға куәлік табысталды. Ал И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей, АӘТД пәні оқытушысы-ұйымдастырушысы Вахит Мұхтарұлына «Жас Сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті мүшесі куәлігі табысталып, мерекелік марапат ұсынылды. 

Шара соңы қала өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы